Кербұлақ ауданы Сарыөзек ауылында Орталық мәдениет және демалыс саябағы пайдалануға берілді. Жаңа табиғи және мәдени кешенде жергілікті халықтың барлық жас топтары үшін қолайлы жағдай жасалған. Қоғамдық кеңістік Кербұлақ ауданы әкімінің бастамасымен ашылды. Ал, «АЛАЦЕМ» компаниясы қаржылай көмек көрсетті.