Алматы облысында 330-дан аса саяжай жақын маңдағы елді-мекендер шекарасына енгізілді. Мәселе уәкілетті органдармен келісіліп, қоғамдық талқылау рәсімдерінен өтіпті. Бұл туралы Алматы облыстық сәулет және қала құрылысы басқармасының басшысы баспасөз жиынында мәлімдеді. Айтуынша, қазір бас жоспар – аудандық мәслихатпен бекіту сатысында тұр.