Бүгін Сенат отырысында «Еуразиялық экономикалық одақ шеңберінде аудиторлық қызметті жүзеге асыру туралы келісімді ратификациялау» туралы заң талқыланды. Заң мақсаты Еуразиялық экономикалық одаққа мүше мемлекеттерде аудиторлық қызметті жүзеге асыруға және реттеуге бірыңғай көзқарасты, сондай-ақ отандық аудиторлық компаниялардың бәсекеге қабілеттілігін арттыруды қамтамасыз ету. Сенаторлардың айтуынша, Келісімді ратификациялау бірыңғай нарықтың барлық қатысушылары үшін бірыңғай құқықтық негіздер белгілеуге, Қазақстаннан тыс жерлерде қызметті тоқтатусыз және шектеусіз жүзеге асыруға, аудит жүргізілетін субъектілер санын ұлғайту арқылы табыс көлемін ұлғайтуға, сондай-ақ бәсекелестік арқылы аудиторлық қызметтің сапасын арттыруға мүмкіндік береді. Сенаторлар отырыс қорытындысы бойынша заңды Палатаның қарауына жіберу туралы шешім қабылдады. Отырыста сондай-ақ, Қазақстан мен Кипрдің құқық қорғау саласындағы ынтымақтастығы туралы келісімді ратификацияланды.