Жетісу облысының диқандары биыл 420 мың гектар жерге ауыл шаруашылық дақылдарын себеді. Науқанды ойдағыдай өткізу үшін шаруалар көктемгі дала жұмыстарына дайындалып жатыр. Негізінен бұзылған көліктерді жөндеп, соқа, тырма сынды агрегаттарын да сақадай сай етпек. Аймақтағы 16 мыңнан астам қожалықта 20 мыңнан аса техника бар. Соның 61 проценті ескі. Оларды жаңарту үшін жеңілдетілген несие беру қарастырылып отыр.