Жыл өткен сайын Ұлы Отан соғысының ардагерлері азайып барады. Жетісу облысында барлығы 7 майдангер қалды. 27 қаңтар күні 97 жасқа қараған шағында соғысқа қатысушы — Михаил Абрамович Тыщенко қайтыс болды. Соңғы жылдары ол Текелі қаласында тұратын жалғыз ардагер болды. Телеарна ұжымы ақсақалдың туыстарына шын жүректен көңіл айтады.