Райымбек ауданы Нарынқол ауылында сот атқару жүйесінің ардагері Қанағат Қарашевтің құрметіне мемориалдық тақта орнатылды. Айта кету керек, бұл Алматы облысындағы судьяға арналған алғашқы естелік тақта. Салтанатты ашылу рәсіміне облыстық және аудандық сот қызметкерлері, Райымбек ауданының әкімі, сондай-ақ Қанағат Қарашевтің туыстары қатысты.