Медициналық қызмет — жалпыға бірдей қолжетімді. Алматы облысындағы сотталушылар дәрігерлер тексерісінен өтті. Қонаев қалалық көпсалалы ауруханасының мамандары 150-ге жуық жазасын өтеушіні қабылдап, арнайы ем тағайындады. Енді мұндай шара жыл сайын өткізіледі.