Талдықорғанда су спортына үйір өрендер қатары көбейген. Өткен жылмен салыстырғанда орталық бассейнге барушылар қатары екі есеге өсіпті. Арасында жақсы нәтиже көрсетіп, олимпиадалық тізімдегі спорт түрінен республика деңгейіндегі жарысқа дайындапып жатқандары да бар.