Бөгеттер нығайтылып, су қауіпсіз деңгейге түсті. Өткен демалыс күндері Іле ауданы Байкент ауылдық округіне қарасты Ворошилов су қоймасының бөгеті бұзылған еді. Көл жағалауын ретке келтіру үшін облыстық төтенше жағдайлар департаментінің жеке құрамы, әскерилер мен волонтерлер, ауыл тұрғындары біріге жұмыс істеді. Оқиға орнына облыстық ТЖД бастығы мен облыс әкімі Марат Сұлтанғазиев барып, жағдайды жіті бақылауда ұстады.