Қонаев қаласындағы тұрмыстағы зорлық-зомбылық құрбандарына әлеуметтік көмек көрсету орталығының ашылғанына жарты жылдан асты. Осы уақыт аралығында мекеме қызметкерлері жәбір көрген 200 адамға қолдау көрсеткен. Бұл туралы «Тұрмыстағы зорлық-зомбылықтың алдын алу және жауапкершілік» атты ғылыми-тәжірибелік конференция барысында айтылды.