Тұтынушылар құқығы басты назарда. «Тұтынушылардың құқықтарын қорғау туралы» заң жобасы Парламент Мәжілісінің депутаттары қарауына өтті. Мұнда ережеге қатысты жаңа нормалар белгіленді. Мәселен, тұтынушыға өз құқығын қорғау үшін төрт сатылы алгоритм алып тасталады. Осы арқылы кез келген азамат бұл жұмыстарды еркін форматта іске асырады. Нәтижесінде сотқа немесе мемлекеттік органға шағым беру мүмкіндігіне ие болады. Заң жобасы құқықтары бұзылған және сотқа дейінгі кезеңде шешілмеген жағдайда тұтынушының пайдасына сот арқылы айыппұл салынады. Сондай-ақ, салаға қатысты бірқатар ережелер тұрғын үй-коммуналдық шаруашылығы, байланыс, туризм, мәдениет, сауда және көлік қызметтеріне де енгізіледі. Жалпы жыл басынан сауда және тұтынушылар құқықтарын қорғау департаментіне 417 өтініш түсті. Дені бөлшек саудаға қатысты. Шағымдардың 167-і шешімін тауып, қараша халыққа 9,5 млннан аса теңге қайтарылды. Айта кетейік, жаңа заң жобалары Мемлекет басшысының ұлттық қоғамдық сенім кеңесінің 6-шы отырысында берген тапсырмасы аясында әзірленді.