Алматы облысының Талғар ауданында газ жарылысынан зардап шеккен тағы бір адам қайтыс болды. Медициналық мекеменің баспасөз қызметі: «1991 жылғы ер адам ауыр жарақаттан кеше таңертең қайтыс болса, бүгін түнде 2003 жылы туған қыз ес жимастан көз жұмды», — деп хабарлады. Соңғы екі апта ішінде Алматы облысында пештің, газдың жарылу оқиғалары болды. Облыс әкімдігінде осы мәселелерге қатысты жиын өтті.