Көптен күткен, аңсап жеткен арман. Алматы облысының тегіс бір ауылдық округі автобус келді деп тойлатты. Талғар ауданының Еламан ауылына Алматыдан бүгіннен бастап қоғамдық көлік қатынайтын болды. Жаңа № 234 бағыттағы автобус алып мегаполистің Алтай базары мен облыстың бірнеше елді-мекенін жалғайды. 4 жылдан бері қоғамдық көлікке қол жеткізе алмай жүрген жұрт, арманымызға жеттік — деп дән риза.