Талдықорғанға ҚР Парламенті Сенатының депутаттары Нұртөре Жүсіп пен Амангелді Төлемісов іс-сапармен келді. Қаладағы бірқатар мектепті аралап, оқушылармен кездесті. Басты мақсат — «Әдеп-құқық жұмысы жөніндегі ментор» жобасы аясында жасөспірімдердің еліне деген патриоттық сезімдерін ояту, тұлғалық дамуына менторлық сүйемелдеу және зорлық-зомбылықтың алдын алу.