Талдықорғанда «Берекелі шаңырақ» облыстық отбасылар байқауы өтті. Оған өңірдегі аудан, қаладан келген шаңырақтар қатысты. Олар түрлі кезең бойынша сынға түсіп, бақ сынады. Игі бастаманы «Қоғамдық келісім» ұйымы ұйымдастырды. Олардың айтуынша, байқау Қазақстан Республикасының Тәуелсіздігіне 30 жылдығына орайластырған.