Талдықорғанда бюджет қаражаты есебінен 1292 пәтерлік 35 тұрғын үй салынып жатыр. Сондай-ақ бұған дейін заңсыз берілген баспаналарды қайтару жұмыстары жүйелі. Бұл туралы қала әкімі БАҚ өкілдерімен кездесуінде айтты. Жиында Ернат Бәзіл соңғы 10 айдағы аймақтың экономикалық даму көрсеткіштеріне тоқталып, алдағы жоспарларды баяндады.