Жетісудан Астанаға. Телеарна тарихында Талдықорған төрінен елорданың өрінде жүрген әріптестеріміз көп. Талай маман шыңдалып шығып, бабы мен бағын сынап қызмет ауыстырса, ішінде білім білігі жетілген арнайы шақыртумен барған Жетісулықтар да жетерлік. Әріптесіміз Алмат Хамит Президент телерадио кешенінде абыройлы қызмет істеп жүрген һәм сол жерден зейнетке шыққан әріптес әпкелеріміз жөнінде бейнематериал дайындаған еді.