Субұрқақтар маусымы ашық! Талдықорғанда ән салатын субұрқақтардың жарқын мерекесі өтті. Салтанатты шараға облыс орталығының көптеген тұрғындары қатысты. Осы жазда орталық алаңда, «Жастар» саябағында, Бикен Римова атындағы драма театрының алдында, сондай-ақ Жолбарыс Би ескерткішінің жанында орналасқан субұрқақтар өз салқынын сыйлайды. Айта кетейік, бүкіл ел бойынша Талдықорған қаласы субұрқақтар маусымын бірінші болып ашты.