Талдықорғанда «Таза Қазақстан» акциясы жалғасуда. Қалалық әкімдігінің ұйымдастыруымен өткен шараға Жастар орталығы, «Жасыл ел» жасақтары мен еріктілер қатысты. Игі шараға арнайы техникалар жұмылдырылды. Жалпы экологиялық науқанға қатысушылар Астана мен Алдабергенов қиылысындағы көшені қоқыс қалдықтан тазартты. Ал, өндірістік аймақта қатты қалдықтар шығарылып, жол жегіндегі шөп ору жұмыстары жүргізілді.