Ардагерлерді ардақтайық. Осындай атаумен Талдықорғанда жалғыз басты қарттарға қайырымдылық акциясы өтіп жатыр. Бұл шараны «AMANAT» партиясының жанындағы «Жастар Рухы» Жастар қанаты облыстық филиалы ұйымдастырып отыр. Ол бойынша еріктілер шаһардағы бірқатар егде адамдардың ауласындағы қарын күреп, ағашын кесті.