Ақжолтай хабар. Талдықорғандықтар қатары тағы бір үшеммен толықты. Перинаталдық орталықта бір кіндіктен 1 қыз, 2 ұл бала дүниеге келді. 7 айлығында, мерзімінен бұрын ана құрсағын жарып шыққан шақалақтар дәрігерлер көмегі арқасында адам қатарына қосылды.