Ауылшаруашылығының арқауы — мемлекеттік қолдау. Жуырда Талғарлық кәсіпкер Эстония елінен 1300 бас асыл тұқымды ірі қара әкелді. Сүтті бағыттағы голштейн тұқымы өңірдің сүт өндіру әлеуетін арттыра түспек. Шаруалар төмен пайыздық несиемен бірге 40 пайыздық субсидияға да қол жеткізеді.