Текелі қаласындағы Мамания өнер мектебі инклюзивтік бағытта жан-жақты дамып келеді. Орталықта балалар өнердің он шақты түрін меңгеріп, шеберліктерін шыңдайды. Игі іске «Алтын адам Жетісу шеберлер орталығы» қоғамдық бірлестігі ұйытқы. Енді мекемеде жас өнерпаздардан бөлек, олардың ата-аналарына арналған үйірме жұмыс істейді.