Ауыл әлеуетінің тетігі – «Ауыл аманаты» жобасы. Бүгінде аталмыш бағдарлама аясында төмен пайызды несие рәсімдеп, шаруашылығын шалқытып отырған отбасылар аз емес. Бірі төрт түлікпен айналысса, енді бірі шағын кәсіп ашып, мемлекеттік қолдаудың қызығын көріп отыр.