Тағы да жол мәселесі. Алматы облысының тұрғындары ішкі көшелерді былай қойғанда, республикалық маңызы бар жолдардың жөндеу көрмегенін айтып шағымдануда. Күн жылыған сайын жамала беретін жолдан жалықтық – дейді, жұрт. Ой-шұңқырлы жол көлік қатынасын қиындатып отыр.