Өткен бір жылда Алматы облысында тұрмыстық зорлық – зомбылыққа ұшыраған 300-ден аса тұрғын шағым түсірген. Олардың дені азаматтық некедегілер мен көпбалалы аналар. Тұрмыстық қысымға ұшырағандарға мемлекеттен қолдау бар. Мәселен өңірде зорлық – зомбылық құрбандарын қолдау мақсатында арнайы орталық жұмыс істейді.