Таяуда, яғни 15 сәуірде мемлекет басшысы әйелдер мен бала құқығын қорғайтын заңға қол қойды. 60 күн өткенде күшіне енеді. Енді отбасында болатын дау-дамайдағы кейбір әкімшілік құқық бұзушылықтар, қылмыстық іске ауысады. Жетісу облысында жыл басынан бері отбасылық қатынаста 576 құқықбұзушылық тіркелді. Былтырғы жылмен салыстырғанда 90 пайызға көп. Бүгін «Ортақ мәселеде» Жетісу, Түркістан, Қызылорда облыстарындағы Тұрмыстық зорлық-зомбылық жайына тоқталамыз.