Әуе рейстерінің кешігуі қалыпты әдетке айналып барады. Үкімет отырысында Премьер-Министр авиация саласындағы шұғыл шешімді қажет ететін мәселелерді атады. «Бүгінде ұшқыштар, инженерлер мен техникалық персоналдар жетіспейді. Рейстердің кешігуі де жиілеп кетті. Оған қолайсыз күн райы ғана себепші емес. Сондықтан, авиакомпаниялар жолаушылар мен ұшақтарға қызмет көрсету сапасын жақсартып, әуе паркін кеңейтуі қажет», — деді Әлихан Смайылов. Ал, Талдықорғандағы әуежайдың жай-күйі қалай? Халыққа қызмет етуге техникалық әлеуеті жеткілікті ме?