Бүгін Наурызнаманың бесінші күні. Ұлттық киім күні. Таяуда Ақордада өткен ауызашарда Президентіміз Қасым-Жомарт Тоқаев: «Ұл-қыздарымыз ұлттық киімді тек мерекеде емес, ұдайы киіп жүрсе де, жарасымды әрі керемет болар еді» деген пікір айтқан еді. Мемлекет басшысы тұжырымдағандай, «Ұлттық киімнің өзі – ұлт мәдениетінің жарқын көрінісі».