«Nauryz sale». Ұлттық мейрам қарсаңында Алматы облысы орталығында ірі науқан басталды. Қонаев кәсіпкерлік бөлімі ұйымдастырған акцияның негізгі мақсаты ұлттық тағамдарды дәріптеу. Аталған шараға қаладағы ірі сауда орындары мен бірнеше тамақтану орындары қатысады.