Ұлт діңгегі – ұлттық киім. Ел Президенті Қасым – Жомарт Тоқаев ұлттық киім кию мәдениетіміздің жарқын көрінісі деп айтқан еді. Сондықтанда Алматы облысына қарасты Іле ауданындағы мектептерде жыл басынан бері ұлттық нақышта киіну үрдісі қалыптасқан. Ал, Наурыз мерекесі қарсаңында бұл бастама ерекше белең алып, өскелең ұрпаққа дәріптелуде.