Жетісу облысында «Жайлы мектеп» Ұлттық жобасы аясында 7 мектеп салынады. 2023-2025 жылдары 6600 оқушыға арналған білім ордасын салу жоспарланған. Жоба оқу орындарының жетіспеушілігі мәселесін жүйелі түрде шешуге, апатты және үш ауысымды мектептерді жоюға бағытталған. «Жайлы мектеп» қандай мектеп? Қазіргі қолданыстағы білім ордаларынан қандай айырмашылығы бар?