Жыл басталғалы 15 күн өтті. 2025 жылға дейін 350 күн қалды. Қалай өтеді, қалай болады деген сұрақ біреуді болмаса, біреуді мазалап жүрген болар. Енді айтайық. Қазақ жылнамасына сай 2024 — ұлу жылы. Мамандар ұлу ылғалда тіршілік ететіндіктен осы жылы құрғақшылық болмайды, — дейді. Ал, түркі халықтарының түсінігінде биыл көкбөрінің жылы десе, шығыс халықтары елдері айдаһар жылы деп қабылдайды.