Қытайлық «Гуандун Сучун Қоршаған ортаны қорғау технологиясы» Талдықорғанда тұрмыстық, құрылыс және химиялық қалдықтарды терең және қайта өңдеу компаниясын салуды жоспарлап отыр. Инвестиция көлемі — 35 млрд теңге. Бұл туралы бүгін облыс басшысы ҚХР Іле – Қазақ автономдық округі делегациясымен кездесуінде мәлімдеді. Айта кетейік, қос тарап ынтымақтастық жөніндегі меморандумға қыркүйек айында қол қойған болатын. Сонымен қатар, Қорғас-Шығыс қақпасы аумағында «Қазақстан-Қытай халықаралық өнеркәсіп қаласы» жобасының құрылысы басталып кеткен. Бүгінде 200 га аумақта жерді тегістеу жұмыстары жүріп жатыр. Құны — 330млрд теңге.