Жетісу аймағы мен Қытайдағы Іле-Қазақ автономиялық облысы арасындағы ынтымақтастық байланыстар жандана түспек. Бүгін Қытайлық делегация Панфилов ауданында болды. Жаркент өңіріндегі «Қорғас – Шығыс қақпасы» арнайы экономикалық аймағының жұмысымен танысты. Жергілікті билік өкілдерімен кездесіп, бірлесіп атқаратын жоспарларын талқылады.