Қоғамда зәбір көргенін айтуға жасқанатын әйелдер көп. Салдарынан елімізде түрлі жантүршігерлік оқиғалар саны артып барады. Статиска бойынша елімізде тұрмыстық зорлық-зомбылықтан жыл сайын 400 ана қайтыс болады. Мұндай жағдайлардың алдын алып, шарасыз қалған әйелдерге көмек көрсету үшін Алматы облысы орталығында арнайы орталық ашылған. Ондағы мамандар соңғы бірнеше ай ішінде 100-ден аса тұрғынға қолдау білдіріпті.