Алматы облысының әкімдігі «облыстық музейлер бірлестігіне» автокөлік сыйға тартты. Бірлестік — мәдениет және өнер қызметкерлерінің кәсіби мерекесі аясында «Үздік облыстық мәдениет мекемесі» атанды. Оған қоса 10-ға жуық сала майталманына ақшалай сертификат табысталды.