Аналар кеңесі – тәрбиенің бастауы. Ұйым көмегімен биыл Алматы облысында 60 отбасы сақталды. Тұрмыстық зорлыққа ұшыраған жүзге жуық әйелге әлеуметтік әрі психологиялық тұрғыда қолдау көрсетілді. Аталған мәселелердің алдын алу шаралары талқыланған кезекті отырыс Еңбекшіқазақ ауданында өтті.