Алматы облысы Жамбыл ауданының тұрғындары үшін ерекше күн. Себебі, бүгін мұнда аудан әкімі сайланады. Жалпы сайлаушылар саны 105 895 адам. Айта кетейік, аудан бойынша барлығы 8 кандидат ұсынылған. Оның тек 3 і ғана тіркеуден өткен. Тіркелген 2 кандидат өзін-өзі ұсынса, 1 і «AMANAT» партиясының атынан сайлауға қатысатын болады.