Алматы облысындағы жас мемлекеттік қызметшілер қайта даярлау курсынан өтті. «Б» корпусының мемлекеттік әкімшілік қызметіне алғаш кірген 24 маман 3 апта бойы білім-білігін шыңдады. Жас мамандар үшін арнайы «GUEST TALK» мотивациялық кездесуі ұйымдастырылды. Облыс әкімінің орынбасары Рустам Исатаев пен ҚР Мемлекеттік қызмет істері агенттігінің Алматы облысы бойынша департаментінің басшысы Әрсен Жакыпов арнайы шақырылды. Олар тәжірибесімен бөлісіп, жас мамандар мемлекетке қызмет жолында қандай жауапкершілік арқалайтынын түсіндірді.