Әскер темірдей тәртіп пен асқан төзімділікті талап етеді. Бауыржан Момышұлы айтқандай: «тәртіпке бағынған құл болмайды». Ал, бүгін сол бір қасиетті өздеріне серік еткен 35- десантты-шабуылдаушы бригадасының жас сарбаздары әскери ант қабылдады. Отан алдындағы борыштарын өтеуге уәде берді.