Талдықорғанда жасөспірімдер арасында бокстан Жетісу облысының чемпионаты басталды. Жарысқа аймақтың түкпір-түкпірінен 180-нен аса спортшы келіп қатысып жатыр. Спорттық шараның маңызы зор. Өйткені, үздік шыққан былғары қолғап шеберлері облыс құрамасына алынып, көктемде өтетін ел біріншілігіне жолдама алатын болады.