Елімізде жастар арасында онкологиялық аурулар дендеп барады. Қатерлі ісіктің алдын алу үшін диагностикадан ерте өту қажет. Егер рак ауруына шалдыққан науқастар уақытылы ем алмаса, соңы өлімге әкеледі, – дейді мамандар. Мәселен 2021 жылы Алматы облысында 1206 адам көз жұмған. Оның басым бөлігі ер адамдар.