Дәрігерлердің басты міндеті — адам өмірін сақтап, денсаулығын нығайту. Әйтсе де, бәрі ақ халатты жандардың тәжірибесіне байланысты бола бермейді. Бұған арнайы жедел жәрдем қызметінің де үлесі зор. Адам жаны қысылғанда осы жедел жәрдем мамандарына сүйенеді. Дер кезінде жасалған көмек арқылы талай адамның өмірін сақтап қалды деуге негіз бар.