Жедел жәрдем жедел жете ме? Өкінішке қарай, шұғыл шақыртуларға «шырқырай» шыққандардың жолын кес-кестейтіндер көп. Өңірде жедел жәрдем орталығына тәулігіне 1 мыңнан аса шақырту түседі. Көбіне — көп көліктері кептелістен өте алмай, дер кезінде жете алмай жатады.