Талдықорғанда «Ауыл Аманаты» бойынша былтыр 19 жоба мақұлданды. Оған 145 млн теңге көлемінде қаржы бөлінген. Дені мал шаруашылығын дамытуға бағытталған. Осылайша шағын және орта бизнес иелері жеңілдетілген пайызбен несие алып, кәсіптерін дөңгелетіп отыр.