1 ақпан — барлық отбасын қуантқан күн болды. Кеше еліміздің 7 млн-ға жуық баланың есеп шотына 100 АҚШ доллары түсті. Бұл мемлекет басшысының тапсырмасына сәйкес, ‘Ұлттық қор — балаларға» атты бағдарламасы бойынша жүзеге асты. Жалпы балалар қорына 695 млн доллар қаржы аударылған.