Жетісу облысы жан-жақты дамып келеді. Биылғы жылдың 6 айының қорытындысы бойынша жалпы өңірлік өнімнің көлемі 12,6 пайызға өсіп, 700 млрд теңгеге жуықтаған. Бұл туралы Астанада өткен баспасөз брифингінде облыс әкімі Бейбіт Исабаев айтты. Жетісу облысы биыл дәнді-дақыл жинаудан республикада асытықты өңір саналатын Қостанай, Солтүстік Қазақстан және Ақмола облыстарынан кейінгі 4-ші орыннан көрінді. Әкімнің айтуынша алдағы 2-3 жылда өңірде 1 млн тонна дәнді дақыл жинауға толық мүмкіндік бар.