Жетісу облысында биыл 360 мың тонна дәнді дақыл жиналды. Әсіресе өңірдің күріш өсірушілері молынан өнім алды. Орташа есеппен әр гектардан 31 центнерден түсім түскен. Жиын-терім науқанын аяқтаған диқандар күрішті өңдей бастады. Қаратал ауданындағы он шақты шаруашылық күріш өсіруді кәсіп етеді. Олар биыл Қызылорда облысынан және Ресейден әкелінген дақылдың жаңа сұрыптарын септі. Нәтижесінде өнім де берекелі болды.