Жетісулық 2 ұстаз «Үздік педагог-2023» республикалық байқауының жеңімпазы атанды. Биыл конкурсқа қатысу үшін барлығы 961 өтінім түсіп, білім беру ұйымдарының 64 педагогі өз мамандығының үздігі атанды. Жеңіспен оралған мұғалімдерді облыс әкімінің орынбасары Мәрлен Көлбаев құттықтады.